Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -10°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -9°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    -6°
$
523.72
-0.14
544.09
-0.25
¥
71.75
-0.02
5.2
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандағы ең қарт адам 114 жаста

Биыл 114-ке келген кейуана Ұлытау облысында тұрады

Новости Казахстана / Қазақстандағы ең қарт адам 114 жаста
Фото:
ortcom.kz

Жалпы елімізде 100 жасаған және одан асқан 423 азамат бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратына сүйенсек, ең көп өмір сүретіндер еліміздің оңтүстік өңірінде екен. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар.

Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша елімізде екінші орында тұрған ірі қала – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады, - делінген министрлік ақпаратында. - Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады. Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді.

Бүкіл әлем 1 қазанда Қарттар күні атап өтеді. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.

Оны өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.

Следующая →