Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде балабақша есепшісі 16 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған

Өскемен қаласының № 2 соты алаяқтық (ҚК-ның 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағы) фактісі бойынша қала балабақшаларының бірінің есепшісіне қатысты үкім шығарды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде балабақша есепшісі 16 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған
Фото:
pexels.com

Сот үкімімен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласындағы "Жемчужинка № 99 балабақша-бөбекжайы" ҚМҚК есепшісі 2020 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейінгі аралықта қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде ұрлық жасаған. Есепшінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы атынан мемлекетке 15 988 396 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген, - деп хабарлады Өскемен қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.

Сотталушы кінәсін мойындамаған. Сот білім басқармасының 15 988 396 теңге сомасына берген талап-арызын қанағаттандырды. Сотталушы келтірілген зиянды өтеген жоқ.

ҚР ҚК-ның 190-б. 4-б. 2-т. көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін есепші кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге кейінге қалдырумен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген Өскемен қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі ақпаратында. - Сот сотталушының 11 және 12 жастағы екі жас баласы барын ескеріп, ҚК-ның 74-б. 2-б. сәйкес, тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның орындалуын 3 жылға кейінге қалдырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →