Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Октябрь өткелі – Алтайка – Жаңа Хайрузовка" жолы уақытша жабылды

Жолдың жабылуына Таволжанка өзені арқылы өтетін көпірдің негізгі тіректерін жер асты суларының шайып, құлауы себеп болған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Октябрь өткелі – Алтайка – Жаңа Хайрузовка" жолы уақытша жабылды
Фото:
Устинка LIVE

Кеше сағат 15.00-ден бастап ШҚО Алтай ауданындағы 48-50 км учаскесінде "Октябрь өткелі – Алтайка – Жаңа Хайрузовка" облыстық маңызы бар автомобиль жолы уақытша жабылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аталмыш жол бөлігінде қозғалыс қарқындылығы төмен болғандықтан, елді мекендер арасында қозғалыс тоқтатылмады. Алтай ауданының Алтайка, Кремнюха ауылдары мен шаруа қожалықтары, сондай-ақ Үлкен Нарын ауданының Алыбай, Приморск елді мекендері арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Рахман қайнары" республикалық маңызы бар автомобиль жолын пайдалану ұсынылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Көпірмен жүруге шектеу қойылып, жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар, уақытша айналма жол салу жұмыстары басталып кетті, - деді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Следующая →