Түрмеге кәмпит ішіне есірткі тығып әкелген
Өскемен қаласындағы №22 түзеу мекемесіне есірткі кіргізбек болған ер азамат ұсталды
Жазасын өтеушінің танысы жасыл түсті ұнтақ зат салынған 12 пакетті тәтті тағамдардың әрқайсына орап салған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күдікті есірткілерді кәмпит мен круасан, құрма қораптарына және ылғалды майлық ішіне жасырып, түрмеге кіргізбек болған. Алайда Ұлттық ұланның сәлем-сауқат бөлмесінің бақылаушы қызметкері мен түзеу мекемесінің мамандарының қырағылығының арқасында ер азаматтың жымысқы әрекеті жүзеге асқан жоқ, - деп хабарлады ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындады.