Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алаяқтардың айласы таусылар емес

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтық әрекетке тән жаңа схемалар пайда болғанын ескертеді

Новости Казахстана / Алаяқтардың айласы таусылар емес
Фото:
pexels.com

Қаскөйлер коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері атынан хабаласатын болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Олар азаматтарға қоңырау шалып, мобильді телефондағы SIM-картаның қолдану мерзімі немесе коммуналдық есептеуіш құралдың пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлайды.

Телефонмен әңгіме кезінде азаматтарға олардың қызметін ұзартуға немесе электрондық кезекке тұруға болатынын айтады.

Әрі қарай алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, қауіпті сілтемеге өтіп қосымшаны жүктеуді немесе мессенджердегі жаңа функцияларды іске қосуды, я болмаса дербес деректерін хабарлауды сұрайды. Кейін телефонға қосылып алған соң қаскөйлер азаматтың қаражатын ұрлап, SIM-картаның виртуалды көшірмесін қосып алады, - деп ескертеді ҚР Ұлттық банкі. - Шоттағы ақшаларды қолды қылғаннан кейін алаяқтар алданған азаматтармен қайта байланысып, өздерін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырады. Сөйтіп екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын орнатып, ақшалай немесе тауарлай кредиттер ресімдейді. Қаскөйлер өз ісінің заңдылығын растау үшін Ұлттық банк қызметкерінің қолдан жасалған қызметтік куәлігін, Ұлттық банктің жалған құжаттарын, ақша құралдарын сақтандыру немесе банктік аударымдар жасау үшін хаттар мен реквизиттер ұсынады.

Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарды қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға шақырады.

Ұлттық банктің қызметкерлері аудио және бейнеқоңырау жасамайды, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайды, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайды, - деп ескертеді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Егер алаяқтық іс-әрекетке тап болсаңыз, тиісті арызбен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Консультация алу үшін Ұлттық банктің 1477 қысқа нөмірлі байланыс орталығына хабарласуға болады.

Следующая →