Шемонаиха ауданында жер үй ауласындағы монша өртенді
Өрт сөндірушілер бұл үйдегі пештің де қауіпті екенін анықтады
Құтқарушылар пешті жөндеп, иіс газын анықтайтын дабылқаққыш орнатып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, Шемонаиха қаласындағы Горький көшесінде орналасқан жер үйдің аумағындағы моншада өрт шыққан. Құтқарушылар 16 ш. м. Алаңды шарпыған жалынды өшірді.
Белгілі болғандай, бұл үйде екі баласы бар жалғызбасты әйел тұрады. Құтқарушылар үй ішіндегі пешті тексеріп, ондағы ақауды анықтады. Бұл пешке от жаққан кезде кез келген уақытта улы түтін шығуы мүмкін еді. Сондықтан да ТЖ қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пешті жөндеп, жарықтарын бітеп, датчик орнатты, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.