Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Студенттер Өскемендегі Панкратьев бағына 250 көшет отырғызды

Облыс орталығында Панкратьев атындағы бақты көгалдандыру жұмыстары басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Студенттер Өскемендегі  Панкратьев бағына 250 көшет отырғызды
Фото:
Amanzholov Univetsity

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 100-ден астам студенті мен оқытушысы 100 түп таңқурай мен қаражидек, "Шукшин естелігі" қарақатының 100 түбін және 60 шырша ағашын отырғызды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Біз қаламыз өмір сүруге жайлы әрі тартымды болуы үшін барлығын жасаймыз. Осы орайда көгалдандыру мен абаттандырудың орны ерекше. Мемлекеттік, жеке меншік ұйымдармен қатар азаматтардың кез келген бастамасын қолдаймыз. Осылайша әркім туған жеріне өз үлесін қоса алады, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Панкратьев бағы – кәсіби бағбан Дмитрий Гордеевич Панкратьевтің есімімен аталған Өскемен қаласының тарихи ескерткіші. Ол ХХ ғасырда саябақ салып, бау-бақша өсірумен айналысты. Ұлы Отан соғысы кезінде тұрғындарды көшет пен көкеністермен қамтамасыз еткен гидроқұрылысшылар кентін көгалдандырды. Бақ таңқурай, қарақат, жеміс ағаштары сорттарының көптүрлі плантациясымен ғана емес, қызыл кітапқа енген шөптерімен танымал.

Панкратьев бағы біздің білім алушылар үшін далалық-оқыту алаңы. Жыл сайын жас биолог мамандар осы жерде тәжірибелік сағаттарын өткізеді. Бақ күтімі ШҚУ үшін үлкен жауапкершілік, сондықтан да біз баққа лайықты күтім жасағымыз келеді, - деді ШҚУ-дың бірінші жетекшісі Мұхтар Төлеген.

15 гектар аумаққа "Шукшин естелігі" деп аталатын қарақат түптері отырғызылды. ШҚУ биология кафедрасының оқытушыларының айтуынша, бұл сорт өзінің ірі көлемімен, тез пісетінімен және мол өнім беруімен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, бірнеше онжылдықтардан кейін бақты жайқалған шыршалар әсемдемек. Бұл қылқан жапырақты ағаштар топырақты құнарландырып, эрозияны болдырмай, ауа сапасын да жақсартады.

Игі бастамаға ЖОО студенттері белсене қатысты. Олардың айтуынша, баққа отырғызылған көшеттер Қазақстан жастарының символы.

Біз қазір келешегімізді көркейтуге үлес қосып жатырмыз. Білім алып, тәжірибе жинақтап, жарқын болашақтың іргетасын қалаймыз. Көшет отырғызу – қаламыздың көркеюі үшін жасалған игі іс, - деді ШҚУ студенті Бағым Балтабаева.

Көгалдандыру шарасына ШҚУ серіктестері Түркия, Корея, Тәжікстан, Венгрия елінің профессорылары қатысты.

Следующая →