Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әйел дәрігеріне бір күнде жүзге жуық адам тегін қаралды

ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығында гинекологиялық обырды ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әйел дәрігеріне бір күнде жүзге жуық адам тегін қаралды
Фото:
instagram/vkood_uzvko

Ашық есік күні Шығыс Қазақстан облысының 75 тұрғыны дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан онкологиялық орталық мамандарының кеңесін алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Гинекологиялық обыр - жатыр мойны обыры, жатыр денесінің обыры, аналық без обыры, сыртқы жыныс мүшелері сияқты ауруларды қамтитын қатерлі ісіктер тобы. Дәрігер тексеру кезінде, сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерін зерттеген кезде көбінесе патологиялық ауруларды анықтауы мүмкін. Сондықтан әйелдерге гинекологқа жиі, жылына кемінде бір рет қаралу ұсынылады.

Дәрігерлер Ашық есік күніне келушілерден онкоцитологияға жағынды алды. Бұл зерттеу жатыр мойнының қалыптан тыс жасушаларын анықтауға мүмкіндік береді. Орталық мамандары облыс тұрғындарына скринингтен тұрақты түрде өтіп отыру қажеттігін еске салды, онкологиялық сақтық туралы, денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар айтты, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Ашық есік күндері дәстүрлі түрде демалыс күндері өтеді. Бұл көптеген адамдардың дәрігерге қаралуына мүмкіндік жасайды.

Следующая →