Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарай мен Зайсан аудандарында әуежай салынатын орындар белгілі болды

Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Зайсан және Катонқарағай аудандарында әуежай салу мәселесі қарастырылуда

Усть-Каменогорск и ВКО / Катонқарай мен Зайсан аудандарында әуежай салынатын орындар белгілі болды
Фото:
pixabay.com

Әуежай 2025 жылдың соңына дейін салынып бітуі керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жаңа әуежайлар салынса, бұл екі ауданнан тікелей Өскемен, Астана, Алматы мен өзге де қалаларға ұшақ ұшады деп жоспарланған.

Әуежай құрылысын жобалау және техникалық қамтамасыз ету "ҚазАэроНавигация" РМК есебінен қаржыландырылады.

Жергілікті атқарушы органның міндеті - әуежай салу орнын резервілеу, электр және сумен жабдықтау жүйелеріне қосылауға мүмкіндік жасау, - дейді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов. - Әуежай салынатын орындар белгіленді. Қазіргі таңда тиісті жер алқабын бөлу жағы қарастырылып жатыр. Катонқарағай ауданындағы Солдатово ауылы маңайында, ал Зайсан ауданында бұрынғы әскери аэродром маңайында, Зайсан қаласынан 25 шақырымда орналасқан Сәтпай аэродромында салынады. Ұшу-қону жолағының жалпы ұзындығы кемінде 2 мың метр болады. Бұл орта кластағы, 80 жолаушыға дейін сыйымдылығы бар Bombardier Q400, Embraer секілді әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл аудандарға Өскемен, Алматы, Астана және басқа да облыс орталықтарынан тікелей рейстер ашылмақ.

Қуаныш Акрамовтың айтуынша, азаматтық авиация талаптарына сәйкес қауіпсіз әуе қатынасын қамтамасыз ету үшін қос ауданда жаңа әуежай салынатын орындар белгіленген. Мәселен, Катонқарағай ауданында КСРО кезінде әуежай болған. Ол Катонқарағай ауылының ішінде орналасқандықтан, қауіпсіздік шараларына сәйкес келмейді. Сондықтан Катонқарағай мен Үлкен Нарын аудандарының ортасындағы жазық жерде орналасқан Солдатово ауылы таңдалды.

Ал Зайсан ауданындағы қазіргі бар әуежай жаңа әуежайдың құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін штаттық режімде істейтін болады.

Следующая →