Самар ауданында 11 тонна шөп өртенді
Балалар сіріңкемен ойнап жүріп шөпті өртеп жіберген
Фото:
ШҚО ТЖД
Өрт дер кезінде ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Самар ауданындағы шаруа қожалықтарырың бірінің аумағында 11 тонна шөп өртенді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Өрт сөндіру бөлімінің мамандары дереу жетіп, өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша балалардың отпен ойнауы өрттің шығуына себеп болған.
Төтенше жағдайлар министрлігі заң бойынша баланың өрт қоюына ата-ана жауапты екенін ескертеді.