38 млн теңге қарызы бар азамат сот орындаушысынан жасырынып жүрген
Оны Шығыс Қазақстан облысында полицейлері іздеп тапты
Жалпы жыл басынан бері шығысқазақстандық тәртіп сақшылары 30-дан астам борышкерді анықтаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласының тұрғынынан алған қарызын төлемей жүрген борышкердің үстінен жеке сот орындаушысы ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасына арыз түсірді. Борышкердің жалпы қарызы 38 миллион теңгені құраған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Қызметкерлер хабарламаға жедел ден қойып, бір тәуліктен де аз уақыт ішінде Шемонаиха ауданында жасырынып жүрген борышкерді тапқан. Тәртіп сақшылары берешекті өндіріп алу шараларын қолдану үшін уәкілетті органдарға ақпарат берді.
Осы ретте ШҚО Полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.