Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +23°
$
477.62
+0.17
527.67
+0.57
¥
67.16
+0.09
5.25
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандықтар тоғызқұмалақ пен бес асықтан алтын алды

Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төртінші жарыс күні

Новости Казахстана / Қазақстандықтар тоғызқұмалақ пен бес асықтан алтын алды
Фото:
t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Бүгін көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты, тоғызқұмалақтан 3 алтын және бес асықтан алтын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшы жамбы атудан күміс қанжығаласа, тағы екі спортшы дәстүрлі садақ атудан қола алды.

Көкпаршылар Ресей командасын 18-2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды. Финалда Қазақстан Қырғызстан-Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады, - деп мәлімдеді ҚР Туризм және спорт министрлігі. - "Қазанат" ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды.

Батыр Бексауыт жамбы ату спортының соңғы жарыс күнінде жамбы стилінен күміс жүлде алды. Дәстүрлі садақ атудан "Жамбы" нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов қола жүлдеге ие болды.

Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді, - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. - Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Следующая →