Өскеменде тілдер күніне орай оқушы, студенттер арасында сайыс өтті
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада "Сөзмерген" лингвистикалық ойыны ұйымдастырылды
Ойын Қазақстан халқы тілдер күніне орайластырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тартысты ойында ШҚО "Әділет департаменті", Абай атындағы ШҚО гуманитарлық колледжі және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатынан келген қатысушылар қазақ халқының сөз мұрасының аса бай екеніне тағы бір көз жеткізге отырып, өздерінің де осал жандар емес екенін танытты.
Ойынға қатысқан жас деңгейлері әртүрлі қатысушылар мақал-мәтелді жалғастыру, тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу, көне сөз, астарлы ұғымның ара-жігін ажыратып "Тапқыр болсаң тауып көр", "Ойлы болсаң озып көр", "Мықты болсаң тауып көр" және "Кім жылдам" деп аталатын кезеңдер арқылы бақтарын сынады.
Тіл мамандары әділқазылық еткен бұл сайыста Абай атындағы ШҚО гуманитарлық колледжінің студенттері оқ бойы алға шықты.