Өскеменде қарттар үйінде неке қиылды
Қариялар неке қию рәсімін Отбасы күніне орайластырған
Шығыс Қазақстан облысының АХАТ қызметкерлері арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында некені тіркеу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
АХАТ басқармасының басшысы Әлия Қырықпаеваның айтуынша, осындай атаулы күндері шаңырақ көтергісі келетін шығысқазақстандықтар өте көп.
Людмила Николаевна 71 жасында тұрмыс құрамын деп ойламағынын айтады. Күйеу жігіт 64 жаста. Тағдыр тәлкегімен Людмила Николаевна қарттар үйіне ертеректе түскен. Осы жерде өмірлік жарын кезіктірді.
Біз онымен екі ай кездестік, ұсыныс жасады, Мен "иә"дедім. Біз некені тіркедік. Енді мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге бөлек бөлме берілді. АХАТ қызметкерлеріне бізге келіп, некемізді тіркегені үшін көп рахмет! - дейді Людмила Николаевна.
Еске салайық, некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күні жасалуы керек. Өтінім берген кезде некені салтанатты түрде өткізу-өткізбеуді де таңдай алады.
Айта кетейік, соңғы рет некені тіркеу рәсімі 24 тамыз – 24.08.2024 жылы некені заңдастырғысы келетіндерге ерекше сұранысқа ие болды. Бұл күні 80-ге жуық жұп тіркелді.