Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл 160 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Ағымдағы жылы аймақта ауылшарушылығы мақсатында қолданылмағын 160 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл 160 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады
Фото:
pexels.com

Жалпы жерді қайтару жұмысы 2022 жылдан басталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2022 жылы жер пайдаланушылары өз еркімен 100,6 мың гектар, ал 2023 жылы 125,7 мың гектар жерді қайтарды. Бұл жайлы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис баяндады.

Мемлекет басшысының пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында ағымдағы сәтте,  мемлекетке 58 мың гектардан астам жер  қайтарылды, бұл жылдық жоспардың 36% құрайды. Ең көп қайтарым көлемі Күршім (14,8 мың га), Алтай (3,9 мың га) аудандарында және Өскемен қаласында (408,4 га) тіркелді, - дейді Надежда Михейлис.

Жер кодексіне сәйкес жер иелері учаскелерді мақсатты түрде пайдалануға міндетті, әйтпегенде, олар мәжбүрлеп алынуы мүмкін. Жерді пайдалану талаптарын бұзғаны үшін жер иелеріне айыппұлдар салынып, салық ставкалары 20 есеге артады.

Басты кедергілердің бірі жер иелерін анықтау болып табылады. Көбінесе олар шетел асып кетеді немесе байланысқа шықпайды, - дейді ШҚО бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Сейсенғазы Чукаев.

Бұл шаралар елдің ауылшаруашылық ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және пайдаланылмаған жерлерді агроөнеркәсіптік кешеннің қажеттіліктері үшін айналымға қайтаруға бағытталған.


Следующая →