Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-да 800-ге жуық адам банкроттыққа өтінім білдірген

Бірақ оның ішінде тек 54 шығысқазақстандықтың өтініші мақұлданды

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-да 800-ге жуық адам банкроттыққа өтінім білдірген
Фото:
pexels.com

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2023 жылғы наурыз айында қабылданған "ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңы күшіне енген болатын. Жеке тұлғалардың банкроттығының өтініш беру рәсімі соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сияқты үш түрге бөлінеді.

Барлық үш процедураны тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Егер борыш сомасы 5,9 млн теңгеден аспаса, жеке мүлкі болмаса және өтініш берген күннен бастап қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелері өтелмеген болса, соттан тыс банкроттық рәсім банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылады. Сот банкроттығы борышкердің мүлкін өткізу мүмкіндігімен 5,9 млн теңгеден астам борыштар кезінде қолданылады. Төлем қабілеттілігін арттыру табысы бар азаматтарға қарыздарын 5 жылға дейін қайта құрылымдауға мүмкіндік береді, - деді ШҚО бойынша МКД дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова.

Заң қабылданған уақыттан бастап соттан тыс банкроттық туралы 1927 өтініш берілді, оның 420 өтініші банкрот деп танылды.

Азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады (eGov.kz.), сондай-ақ e-salyq azamat немесе eGov мобильді қосымшаларында.

Следующая →