ШҚО-да жоғалған екі отбасын дрон іздеп тапты
Олар табиғат аясында демалысқа кетіп, үш күн бойы қайтып оралмаған
Жоғалғандардың жақындары полиция қызметіне көмекке жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Олардың айтуынша, 30 тамызда 37 жастағы өскемендік ер адам жұбайымен, 10 жасар қызы және достарымен бірге Қарағожы ауылына қарай демалуға барып, 1 қыркүйекте оралуды жоспарлаған. Алайда сол күннен бастап олардан еш хабар болмаған.
Глубокое полиция бөлімінің жеке құрамы төрт ересек адам мен екі баланы іздеуге жұмылдырылды. ШҚО ПД аппаратының қызметкерлері мен құтқарушылар топқа бөлініп, аймақты бірге қарады, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Тәртіп сақшылары дрон арқылы екі отбасының қайда жүргенін анықтаған. Олардың табиғи апаттың салдарынан бір орында қалып қойғаны туралы полицейлер құтқарушыларға хабарлаған.
Біз демалуға келген едік. Алайда бір сәтте өзен деңгейі көтерілді. Үш күн бойы бұл өзеннен өте алмадық. Абырой болғанда, қазір бізде бәрі жақсы, — дейді отбасы мүшесі.