Өскемен
пасмурно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +23°
$
482.94
-0.63
535.97
+1.48
¥
68.06
+0.11
5.35
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да мектепке апарар жолдарда қауіпсіздік белгілері орнатылуда

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 26 тамыздан бастап 6 қыркүйек аралығында "Назар аударыңыз - балалар!" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да мектепке апарар жолдарда қауіпсіздік белгілері орнатылуда
Фото:
ШҚО ПД

Әкімшілік полиция қызметкерлері облыс бойынша жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, білім ошақтарына іргелес жатқан жол учаскелеріне 210-нан астам зерттеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалар мен елді мекендердің жолдарына 90 астам жол белгілері орнатылып, ауыстырылды. 98 мектеп маңына ақ-сары "Зебра" жол белгісі боялып, 51 білім нысанына жасанды жол дөңестері орнатылды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Жаяу жүргіншілермен соқтығысудың алдын алу мақсатында реттеуге келмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында балалардың 10 көрнекі фотомакеттері дайындалып, пайдаланылуда.

"Назар аударыңыз - Балалар!" деп жүргізушілерге үндеу жасаған шығысқазақстандық полицейлер жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Мектептер мен балабақшалардың жанында, реттеуге келмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өткенде, әсіресе аулаларда өте сақ болуды еске салады.


Следующая →