Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан сапындағы темірдей тәртіп әрқашан басты назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан сапындағы темірдей тәртіп әрқашан басты назарда

Президент Жолдауда халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Президент өз сөзінде біз әділетті қоғам құру арқылы дамыған елдер қатарына қосыла аламыз дегенді айтты. Расында құқықтық нормаларды тең ұстаған елдердің басым көпшілігі барлық салада көш ілгері келе жатқаны жасырын емес. Әлбетте ол үшін қабылданған заңдардың жемісті жұмыс жасауына қоғам болып ат салысу аса маңызды, - деп атап өтті Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салихбаев.

Осы орайда мемлекет басшысы «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек» деп бекер айтқан жоқ. Өйткені бұл қағидатты берік ұстанған ел ғана қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Заңды сақтау - әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі. Қазір әділетті Қазақстан құру жолында қоғам болып бірігіп, қарқынды еңбек ету ауадай қажет.

Бұл тұрғыда Ұлттық ұлан әскері қоғамдық және құқықтық тәртіпті қорғау жолында күнделікті жауынгерлік қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Сарбаздан бастап офицерге дейін өздеріне жүктелген жауынгерлік міндеттерін қырағы әрі табандылықпен атқарып жүр. Сарбаз  мемлекет қарулы күшінің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуші. Сондықтан Ұлттық ұланда әскери борышын атқарып жүрген әр сарбазға барынша жағдай жасалып келеді. Бірақ тәртіп пен заңдылық мәселесі әскерде қатаң сақталуы тиіс, - деді полковник Атабек Салихбаев.

Бұл турасында мемлекет басшысы бұл жолғы Жолдауында нақтырақ тоқталды. Президент: «Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен темірдей тәртіп болуға тиіс» деп баса айтты. Мемлекет басшысы бұл мәселеге тоқталып, соңғы кездері әскерде орын алған бірқатар жағдайға байланысты алаңдаушылық танытатынын және үнемі өз назарында ұстайтынын  көрсетті.

Әлбетте,Ұлттық ұлан сапындағы темірдей тәртіп қашанда басты назарда. Тәрбиеші офицерлер жеке құрам арасындағы әлімжеттікті болдырмай, сарбаздар арасындағы қарым-қатынастың нығаюы үшін кешенді түрде жұмыс жасайды, - деп атап өтті Атабек Салихбаев. - Алдағы уақытта да мемлекет басшысының бұл бағыттағы тапсырмасын Ұлттық ұландықтар басты назарда ұстайтын болады.


Следующая →