Арабтар Қазақстанда қанша зауыт салмақ?
Сауд Арабиясының инвесторы Қазақстанда $200 млн-ға агрожобаны іске асырақшы
"Қазбиосорго" мен Аjlan&Bros Holding Group компаниясы арасында $200 млн сомасына меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды LSM.kz сайты.
Қазақстанда бөтелкеленген органикалық сироп пен мал шаруашылығы үшін жоғары калориялы жем өндіретін зауыт ашу жоспарланып отыр.Жоба 2024 жылы іске асырылады деп жоспарланған.
Ұлттық компанияның ақпаратынша, ACWA Power атты инвесторлық компаниясы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға қатыспақ. Болжанып отырған ынтымақтастықтың нәтижесінде Қазақстанда жел электр станцияларын, бу-газ электр станцияларын, сондай-ақ энергия жинақтауға арналған батареяларды өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Аjlan&Bros Holding Group Ability-мен радиохимия және инновациялық технологиялар мен әзірлемелер трансферті саласындағы бірлескен қызметтің ықтимал бағыттары мен міндеттерін айқындау туралы құжатқа қол қойылды.
Ұлттық компанияда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында 13 меморандумға қол қойылғанын еске салды. Қол қойылған құжаттар есебінен ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбаларды өндіру, тамақ өнімдері, химия, энергетика, газ химиясы, туризм және инфрақұрылым салаларындағы жобалар пысықталады деп күтілуде.