Испанияда жануарларды қорғау туралы қатаң заң жобасы мақұлданды
Ел үкіметінің мәліметінше, құжатта жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін 200 мың еуроға дейін айыппұл салу, сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
Қазіргі уақытта заң жобасы корольдік Парламентіне қарауға жіберілді, деп хабарлайды МИР 24 сайты Twitter-дегі Министрлер Кабинетінің бетіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, жаңа заңда санитарлық жағдайларды қоспағанда, үй жануарларын эвтанизациялауға тыйым салынады.
Министрлер Кабинеті үй жануарларын көшеде қалдыратын адамдарға қатысты шаралар қолдануды ұсынады.
Үй жануарлары зоодүкендер арқылы сатуға және оларға зиян келтірілуі мүмкін шоуларға қатысуға тыйым салынады", - делінген хабарламада.