Қазақстанда қанша дәрі-дәрмек тіркелген?
Бүгінгі күні ҚР дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде дәрілік заттардың 7,5 мыңнан астам атауы тіркелген
Қазақстанда дәріханалардың сөрелеріне шығар алдында барлық дәрілік заттардың тиімділігі, қауіпсіздігі және сапасы мұқият міндетті сараптамадан өтеді. Сараптамалық органның қорытындысынан кейін ғана препарат мемлекеттік тіркеуден өтіп, сатуға жіберілуі мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Отандық дәрі-дәрмектердің үлесі - 1046 (14%), шетелдік дәрі-дәрмектердің үлесі - 6545 (86%). Тіркелген дәрілік заттардың барлық тізбесінің 5 743-і (76 %) қатаң түрде рецепт бойынша сатылады, рецепсіз сатылатыны – 1848 (24%).
Айта кету керек, рецепт бойынша босатылатын дәрілік заттарды рецепсіз өткізгені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 426-бабына сәйкес айыппұл қарастырылған. Қайта бұзушылық үшін фармацевтикалық қызметке лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданылуын 6 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру көзделген.
Тіркелген дәрілік заттар туралы толық ақпаратпен DariKZ мобильді қосымшасында танысуға болады.