Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Қазақстан Ресейге көмір жеткізетін вагон жолдарын жапты" деген ақпарат жалған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның көмір тиелген ресейлік вагондарды кешіктіруі туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

Новости мира / Политика в мире / Казахстан не влияет на поставки угля в РФ
Фото:
pixabay.com

ТМД медиа-кеңістігінде Қазақстан өз аумағында көмір тиелген ресейлік 1700 теміржол вагонының қозғалысын бұғаттап тастаған деген жалған ақпарат таралуда.

Осыған байланысты Көлік комитеті ресми түрде мәлімдейді: бұл хабарламалар шындыққа жанаспайды, яғни жалған болып табылады.

Шын мәнінде, Қазақстан аумағында көмір тиелген 1700 бірлік көлеміндегі ресейлік вагондар жоқ. РТЖ жолдарында да Қазақстанға бағытталған я болмаса Қазақстаннан шыққан көмірі бар вагондар тіркелмеген.

Ресей темір жолдарымен штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, экспорт пен импорт бойынша ешқандай кідіріс жоқ, – деді ҚР ИИДМ Көлік комитеті теміржол инфрақұрылымы және жүк тасымалы басқармасының басшысы Сәтжан Өзбеков.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресейлік транзиттік вагондардың кешігуі туралы жалған ақпаратты – екі ел арасындағы тату көршілік қатынастарды әлсіретіп, беделін түсіруге бағытталған қасақана жасалған іс-әрекет ретінде қарастырады.

Следующая →