Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысты жаңа мәлімет айтылды

Бас прокуратура Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады

Новости Казахстана / Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысты жаңа мәлімет айтылды

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев қаңтар оқиғасы кезінде топ тәртіпсіздіктерге белсене қатысқанын, Арман Жұмагелдиев немесе Дикий Арманның ролі ерекше болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 қаңтарда топ мүшелерінің бірі Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген қылмыскерлерге Glock және "Макаров" тапаншаларын таратқан. Қаруланған қылмыскерлер бір уақытта ұйымдастырушы мен оның сыбайластарынан нұсқау алған. Олар сыбайластарды 10 топқа бөлді, олардың жоспарланған қылмыста ролі болды. "Жауаптылар" тағайындалып, оларға ұйымдастырушылар оқ өтпейтін кеудеше, басты қорғайтын құралдар, атыс қаруы және 200 мың теңге берген, - деді Шалабаев.

Оның айтуынша, қарапайым сыбайластарға сойылдар және басқа да заттармен қарулану тапсырылған. Ерекше белгі ретінде барлық қылмыскердің қолында ақ таңғыш болуы керек болған.

Қаланың түкпір-түкпірінен келген қарулы қылмыскерлердің бұл топтары 24 азаматты ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, Ritz Carlton және "Қазақстан" қонақүйлерінің автотұрағында ұстаған. Артынша жәбірленушілер қаланың шетіне жеткізіліп, темір контейнерге қамалған. Жарақат нәтижесінде жәбірленушілердің бірі қайтыс болды, - деді ол.

Осы қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті қамауға алынды. Қылмыстық топтың қалған мүшелерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Следующая →