Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Тоқаев пен Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ордендер мен медальдар тапсырды

Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтап, халқымыздың ерлік дәстүрін танытатын қос мереке биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өтіп жатқанын айтты.

- Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында. Осы асыл құндылықтарды Қарулы Күштеріміз қас қақпай  күзетіп тұр. Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында мемлекетіміздің мықты қорғаныс жүйесін қалыптастырдық. Әскеріміздің бес қаруын сайладық. Сарбаздарымыздың жауынгерлік рухын көтеріп, кәсіби машығын шыңдадық. Бүгінде армиямыз - елдігіміздің берік қалқаны, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры, - деді Президент.
Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

- Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері мемлекетіміздің тұрақтылығының, аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепілі болды. Біз әрдайым армияны дамытуға, оның қорғаныс қабілетін арттыруға, әскерилерді жан-жақты қолдауға баса көңіл бөлдік. Соның арқасында Қазақстан әскерінің сапында болу рухы мықты адамдардың мәртебелі әрі жауапты міндетіне айналды. Бүгінде Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету - абыройлы іс. Әскери форма киген адам жауапкершілігі жоғары, нағыз патриот болып саналады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап тиімді қауіпсіздік жүйесін құрғанға дейінгі аралықта еліміз ауқымды жолдан өтті. Бүгінде біздің ең басты құндылығымыз - тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да айбынды армиямыз бар. Отан қорғаушыларды және барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын! - деді Назарбаев.

Следующая →