Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Күршім ауылдарының бірінің халқы "сор" ішуге мәжбүр

ШҚО-да "Ақ бұлақтың" суына қатысты тағы шу шықты

Естеріңізде болса, өткен жылы Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылының тұрғындары "бәлен" миллионға "Ақ бұлақ" бағдарламасы арқылы тартылған су сыздықтап ағып мандымай тұрғанын мәселе етіп көтерген. Арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізіліп, ұзақ уақыттан кейін мәселе шешімін тапқандай болған. 

Бүгінгі таңда Күршім ауданында да дәл осы бағдарлама аясында тартылған құдыққа қатысты ел наразылық білдіруде.

Күршім ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғындары ауыз су ағатын құдықтан су ішу мүмкін емес деп шағымдануда. 

Ауылға "Ақбұлақ" ауыз су бағдарламасымен салынған құдық былтыр қолданысқа берілген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл құдықты салуға бюджеттен 6 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген.
- Өзім Өскемен қаласында тұрамын. Ата-анам Егіндібұлақ ауылының тұрғындары. Суды ішу мүмкін емес дейді. Су ағып, кепкен жерлерден көрініп тұр жердің бетінде тұз сорының іздері. Құжат бойынша бұл құдық 50 метр, шындап келгенде 37 метр. Құдықтан су 8-9 минут ағады. 8-9 минут таза ауыз су ақса ғой, таза сор. Ішу мүмкін емес. Осы мәселе бойынша аудан әкімі өткізіп жүрген тікелей эфирлерінде бұл сұрақтар қойылған. Сұрақты "қаперімізге аламыз" деген. Дегенмен әлі қозғалыс жоқ. Бұл ауылда 11-ге жуық үй бар. Тұрғындардың көбі үлкен кісілер. Сол кісілерге обал болды 1,5 км жерден су тасып ішеді. Сондай-ақ, ауылда интернет тұрмақ, ұялы байланыс та ұстамайды, - дейді Фархат Кішібаев. 
Осы мәселемен ауданның ішкі саясат бөліміне хабарласқанымызда бөлімдегілер ол іспен аудандық ТҮКШ бөлімі айналысатынын және құдықтың 8-9 минут қана ағатыны құдық моторының жұмыс істеу режиміне байланысты екенін айтты. 
- Қалғұты ауылдық округі, Егіндібұлақ ауылы тұрғындарының әлеуметтік желілерге тарап кеткен орнатылған құдық суының үздіксіз берілмеуі және судың сапасы туралы айтылған шағымдары бойынша мердігер "Теректі" КММ директоры А. Иқамбаев ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 15 мамыр айына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілетінін түсіндірді, - дейді аудан әкімдігіндегілер.

Следующая →