ДДҰ мамандары үйден бірден шығып кетудің қаупін ескертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысының айтуынша, карантиннен шығу фазасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы керек
РФ-дағы ДДҰ өкілі Мелита Вуйнович карантин режімінен шығу барысында асығыстық таныту үлкен эпидемиологиялық ағынға себеп болуы мүмкін. Мелита Вуйнович әлем елдеріне карантин режімін жеңілдету барысында барлық қауіпті жіті бағалау керектігін ескертеді.
ДДҰ басшысы әлем вируспен өмір сүруге үйренуі керек. Сондықтан да физикалық қашықтық, гигеналық этикетті сақтау, жұмыс орнында алдын алу шараларын қамтамасыз ету қажет. Халықтың іс-әрекеті инфекцияның таралуына әсер ететін негізгі аспекті.
Следующая →
- Сонымен қатар, шектеудің жеңілдетілуін халықтың қалай қабылдайтынын да ұғыну қажет. Осыған орай, эпидемиялық бақылау және денсаулық сақтау жүйесінің науқастарды анықтап, тест алып, оқшаулау және 24 сағат ішінде олармен тікелей байланыста болғандарды тауып, оларды 14 күнге оқшаулауы эпидемияның екінші толқынының алдын алу шаралары болып табылады, - делінген хабарламада.
ДДҰ басшысы әлем вируспен өмір сүруге үйренуі керек. Сондықтан да физикалық қашықтық, гигеналық этикетті сақтау, жұмыс орнында алдын алу шараларын қамтамасыз ету қажет. Халықтың іс-әрекеті инфекцияның таралуына әсер ететін негізгі аспекті.
Тақырыптар:
Всемирная организация здравоохранения Обращение от руководителей ВОЗ Выход из самоизоляции