Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР мәжіліс депутаттары шенеуніктерді улы химикаттар саласын тәртіпке келтуріге шақырды

Шымкентте қандала мен тарақандарға қарсы уды шашқаннан кейін 8 айлық нәресте белгісіз химикаттан көз жұмды

Мәжіліс депутаттары тұрғын үйлерде құрт-құмырсқа мен тышқандардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Осы жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттардан адам өлімі жиілеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

- Соңғы кезде халық депутаттарға кеміргіштер мен құрт-құмырсқаның көбейіп кетуіне қатысты жиі арызданатын болды. Ал мамандар мемлекеттің бұл мәселені шеше алатынына күмәнмен қарайды. Осы орайда олар тірі жәндіктердің аса қауіпті инфекцияларды, соның ішінде адам өліміне себеп болатын ауруларды тарататынын еске салуда, - деді Павел Казанцев мәжілістің бүгінгі пленарлық отырысында.

Депутаттың айтуынша, тұрғын үйлерде тышқандар мен құрт-құмырсқаларды улағанда тұрғындар да зардап шегіп отырады. Тіпті, адам өлімі де бар.

- Мысалы, 13 ақпанда Шымкентте қандала мен тарақандарға қарсы уды шашқаннан кейін 8 айлық нәресте белгісіз химикаттан көз жұмды. Ақтау қаласында жыл басынан бері 6 адам уланып қалды. Былтыр 13 оқиға болған. Ал үш жылдың ішінде 8 адам көз жұмды, - деп атап көрсетті Казанцев.

Оның сөзіне қарағанда, тышқандар мен құрт-құмырсқаға қарсы химиялық заттардан улану фактілерінің көбеюіне үкіметтің бұрынғы шешімі де әсер еткен. Оған сәйкес, дезинфекциялық станциялар және осы саладағы қызметтер жекеменшік салаға ауыстырылған. Ал 2014 жылдан бастап ол жұмыстарды лицензиясыз жасауға рұқсат беріліпті. Соның салдарынан өз қызметіне жауапсыз қарайтын кәсіпкерлер көбейіп кеткен.

Следующая →