Өскеменде әйел адамнан коронавирус табылғаны расталмады
Қазір пациент карантинде және амбулаторлық орталықта ЖРВИ диагнозы бойынша ем қабылдап жатыр
Бүгін Өскемен қалалық амбулаторлық орталыққа суық тию белгілерімен әйел адам жүгінген. Ол 22 ақпанға дейін Тайландта демалып келген.
Дәрігерлер науқасты қарап, зертханалық тексеріс жүргізген. Коронавирус белгісі расталмады, ЖРВИ диагнозы қойылды. Келіншек үйінде карантинде жатыр және амбулаторлық ем қабылдауда.
- Алдағы уақытта да облыстың медициналық мекемелері коронавирусты болдырмау үшін барлық шараларды қабылдайтын болады, - дейді облыстың бас инфекция маманы Назигүл Сапарғалиева. - Қала тұрғындарына сабырлық сақтап, тек сенімді ақпарат көздеріне сену керектігін ескертеміз.
Следующая →