АҚШ пен Қытай сауда келісімен қол қойды
Келісімшартқа қол қою салтанатты шарасы Ақ үйде өтті. Келісімге АҚШ Президенді Дональд Трамп пен КХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері қол қойды
Сәрсенбі күні екі ел арасындағы суда жанжалын реттеу бойынша келісімнің бірінші фазасына қол қойды.
- Келісімдер қатаң, адал өтті. Өзара сыйластық болды, - деді Трамп. - Жақын уақытта Қытайға бармақпын.
АҚШ пен Қытайдың мәмілелері нәтижесінде америкалық тауарлардың Қытайға экспортының көлемі алдағы екі жылда 200 млрд долларға дейін жетеді.
Вашингтон мен Бейжің келісімнің бірінші кезеңіне қатысты шарттарды 13 желтоқсанда бірлесе мақұлдаған болатын. Бұған дейін сауда келіссөздеріндегі америкалық өкіл Роберт Лайтхайзер Дональд Трамптың қытайлық тауарларға салық салуды кейінге шегеруге қарсы еместігін мәлімдеген еді. Ол сол кезде сауда келісіміне екі елдің президенттері емес, қос тараптың сауда министрлері қол қоятынын айтып кеткен болатын.
Лайтхайзердің айтуынша, мәміле нәтижесінде америкалық тауарлардың Қытайға экспортының көлемі алдағы екі жылда 200 млрд долларға дейін жетіп, АҚШ-тағы сауда тапшылығы қысқармақ.
Айта кететін жайт, сауда келісімінің бірінші кезеңіне тиесілі құжатқа қол қойылып, 30 күн өткен соң Құрама Штаттардың қытайлық тауарларға арналған төмендетілген салығы күшіне енеді.