ШҚО-дағы сауда үйлерінің бірі бесік арбамен кіруге тыйым салды
Алтай қаласындағы ірі сауда орындарының бірі кіре беріске келушілерге арналған бірнеше тыйым жазылған тақта іліп қойған
"Гранд" СҮ-не енді бесік арбамен кіруге болмайды. Сонымен қатар, велосипед, гироскутер, самокат, роликтер және итпен де кіруге болмайды. Қалғандарымен келісуге болады, алайда бесік арбамен кіруге болмайды дегенге сәбиі бар аналар наразы.
Ата-аналар өз наразылықтарын әлеуметтік желі арқылы джеткізуде.
- Осылай бола ма? Ойдан шығарылған тыйым белгілерін қоюға кім рұқсат берді? - дейді қала тұрғыны Алина. - Мен дүкені ішін қолыма баламды көтеріп алып аралай алмаймын ғой. Баланы арбаға отырғызып алған ыңғайлы. Оның үстіне, бесік арба да арзан тұрмайды. Оны есік алдына тастап кетуге де болмайды.
Бұл мәселе Алтайдағы қоғам белсенділерінің де назарына ілікті. Жағдайдың мән-жайын түсіну үшін коммерциялық ұйым басшылығына жүгінді.
- Менің “бұл белгі қайдан шықты?“ деген сұрағыма дүкен әкімгері оған есік алдында тұрған бесік арба кедергі келтіреді деген жалға алушылардың өтініші себеп болғанын айтты. Тамбур тым тар, - дейді "Дорожный контроль" ҚБ қоғам белсендісі Антон Ушаков. – Басшылықтың сөзіне сүйенсек, астында тұрған арбалар кедергі келтіріп, сатып алушылар дүкен есігін аша алмай қалады екен.
Шынымен де, арбаны екінші қабатқа көтеріп шығу мүмкін емес. Сондықтан да келушілер оны бірінші қабатта тастап кетеді. Бірақ заңмен бекітілмеген бұл белгіні ілуге кім рұқсат берді?
- Ешкім рұқсат берген жоқ, - дейді Антон Ушаков. – Бесік арбамен кіруге ешкім тыйым сала алмайды. Басшылық тек кеңес бере алады. Олар жақын күндері бұл белгіні түзетіп, келушілердің назарын дүкенде бейнебақылау камерасы бар екеніне аударуға тырысамыз.
Бір аптадан кейін дүкенге келсек, белгі жоқ. Бірақ бесік арба, шана және ауыр жүкпен кіруге қатаң тыйым салынатындығы жазылған тақтайша тұр. Жануарлар бұл тізімнен түсіп қалған. Тақтайшаның жанында қағаз ілінген, онда балалар арбасын кіре беріске қалдыруға болады деп жазылған.
- Бұл әрекет Азаматтық кодекстің 188 және 387-баптарын бұзады, - деп түсіндіреді Антон Ушаков. – Бірақ нақты факті болмайынша, ешқандай шара қолдануға болмайды. Егер нақты біреуді кіргізбеген жағдай орын алса, азаматтық негізде сотқа жүгінуге болады.