АҚШ президенті Иранға екі триллион долларға татитын әскери техникамен қорқытты
Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ әскері шабуылға ұшыраса, ирандықтар оған қарсы тұруы керек.
Бұған дейін Иранның Жоғарғы лидері генерал Кассем Сулейманийдің өлімі үшін кек қайтаруға уәде берген, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
АҚШ-тың бірнеше мың әскері Таяу Шығысқа аттанды. Алдағы уақытта АҚШ қосымша әскер жіберуді жоспарлап отыр.
- Америка Құрама Штаттары әскери техникаға екі триллион доллар жұмсады, - деп жазды президент Твиттерде
Ол сонымен бірге АҚШ-тың өз күшімен тең елдер жоқ екенін баса айтты.
- Егер Иран американдық базаға немесе кез-келген американдыққа шабуыл жасаса, біз осы бағытта жаңа тамаша жабдықтардың бір бөлігін жібереміз ... тартынбастан! - деді Трамп.