Кеше облыс орталығында кәмелетке толмаған екі бала жоғалып кетті
Полиция мен әскери қызметкерлер балаларды бүгін таңертең аман-есен тапты.
Бүгін түн ортасында облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған екі баласын табуға көмектесер деп "112" жедел желісіне жүгінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әйелдің айтуынша, түске қарай ұлы мен қызы Согра кентіндегі мұз айдынына барған, бірақ сол беті үйге оралмаған. Оны іздеуге полиция мен әскерилер тобы шығып, әр ауланы аралап шықты.
Нәтижесінде, 5 қаңтар күні таңертең балалар дін аман табылды. Сөйтсе, көршілері балаларды дүкенде кешке қарай кездестіріп қалған. Мұз айдынындағы ойындардан кейін тоңып, үсті-бастары малмандай су болған. Қала тұрғындары балалардан мекен-жайларын біліп, үйлеріне апарған, бірақ үйлерінде ешкім жоқ болған.
- Қауіпсіздік мақсатында жанашыр азаматтар балаларын біраз уақыт тамақтандырып, паналатып, таңертең үйлеріне алып баруды ұйғарды, - деп хабарлайды ҚР ҰҚ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы және ШҚО полиция департаменті. - Кейін іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары жанашыр болған азаматтардың да үйіне барған. Енді балалар үйлеріне аман-есен оралды.
Следующая →

Тақырыптар:
Пропали дети в Усть-Каменогорске Нашли детей в Усть-Каменогорске Военнослужащие нацгвардии