7 қарашаға арналған таңғы жаңалықтар легі
Устинка LIVE ақпараттық порталы өткен түнде БАҚ назарына іліккен саясат, экономика және өзге де салалардағы басты жаңалықтарды назарларыңызға ұсынады
АҚШ пен Түркия президенттері кездесуге дайындалуда
Тайып Эрдоған мен Дональд Трамп телефонмен әңгіме барысында 13 қараша күні Вашингтонда кездесуге уағдаласты, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Оған дейін Эрдоған 13 қараша күні АҚШ-қа баратын-бармайтындығы белгісіз екенін, Трамппен сөйлескеннен кейін ғана белгілі болатындығын айтқан.
- Біздің президент АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонмен сөйлесті. Екі ел басшысы да 13 қараша күні Вашингтонда кездесетіндіктерін мәлімдеді. Тараптар сонымен қатар екі жақты қарым-қатынас пен аймақтық мәселелер жайын да талқылады, - деп хабарлады Түркия президентінің әкімшілігі.
17 қазанда АҚШ пен Түркия Сириядағы Түркияның әскери шараларын 120 сағатқа уақытша тоқтатып, Түркия мен Сирия шекарасындағы 30 шақырымдық аралық аймақтан күрт жасақтарын шығару туралы келісімге келгендіктерін мәлімдеген. Оны Анкара өз бақылауына алмақ ниет танытқан. Атыс-шабыстар 22 қазан күні 22.00-де тыйылған. Кейін Эрдоған АҚШ Сирия бойынша келісім аясындағы Түркия алдындағы міндеттерін толық орындамай отырғанын, Анкара ымыраға келуге дайын еместігін мәлімдеген.
Нидерландта ұшақты ешкім басып алмаған
Амстердамдағы "Схипхол" әуежайында терминалдардың бірінің жабылуына байланысты дабыл туды, деп жазады РОСБАЛТ.
Анықталғандай ұшақтардың бірінде өрт қаупін ескерту жүйесі өздігінен іске қосылып кеткен. Ал БАҚ-тың лайнерді біреулердің басып алғандығы жайында ақпараты жоққа шығарылды.
Air Europa әуе компаниясы мәлімдегендей, терминал Амстердам-Мадрид рйесіндегі ұшақтан шыққан дабыл салдарынан жабылған. Жолаушлыра мен экипаж борттан шығарылды.
Жүргізушісіз басқарылатын көліктердің осал тұсы анықталды
Макс Планктың Зияткерлік жүйелер институты ғалымдары жүргізушісіз басқарылатын көліктердің жұмысында қандай ақау барын анықтады, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Анқаталғандай, бұндай көліктерді суреттің көмегімен алдауға болады. Техникалық сарапшылар жүргізушісіз басқарылатын көліктердің көру аймағына белгілі бір суретті көрсеткенде, көліктің назары сол суретке ауады да жол белгілерін елемейді.
Ал көлік назарын аударатын сурет бірнеше түсті тоғыстырған жарқын дақ. Ғалымдар көлікті істен шығаруға қанша және қандай түстер керектігін анықтауға бірнеше сағат уақыттарын жұмсаған. Тіпті, футболкадағы кішкентай суреттің өзі автокөліктің нейрон жүйелерінің жұмысын бұза алады.
Қытайда шағала туристердің құрбаны болды
Туристер айлақта ұшып жүрген шағалалардың бірін ұстап алып, суретке түсіру үшін қинап нан берген, деп жазады LiFE.
Сурет кадрларында байқағанымыздай, Қытайдағы Дяньчи өзені бойында көзілдірік таққан ер адам құсты қанатынан қағып алған. Кейін зайыбы шағалаға нан бермек болады, ал құс жан ұшыра адамдардың қолынан сытылып шығып, ұша жөнелген.
Ал осы оқиға куәгерлері бұл жұпты жануарларды келеке етті деп айыптаған. Өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі туристер шағалаға бұлай істеуге қақысы жоқ десе, енді бірі "Бұларың не?" деп сұраған.
Кейін туристер өз қылықтары үшін кешірім сұрап, құстарды бұлай ұстап алуға болмайтынын білмегендіктерін айтқан.
Следующая →