Перуде президент пен парламент бір-бірін биліктен босатты
Перудің жоғары басшылығында саяси дағдарыс болды, нәтижесінде Парламентті тарату және Президентті шеттету туралы бір уақытта жарлық жарияланды
Парламенттің таратылуын Перу президенті Мартин Вискарра бастады. Бұған Үкіметке сенім мәселесі мен Конституциялық Сот судьяларын таңдау рәсімін өзгерту бойынша ұсынылып отырған реформа негіз болған.
Сонымен қатар парламент елдің вице-президенті Мерседес Араос кандидатурасын президент лауазымына қолдады. Нәтижесінде Перу астанасында Вискарраны қолдауға наразылықтар басталды.