Ауғанстандағы қателікпен әуеден жасалған соққы ондаған адамның өмірін қиды
Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Таха провинциясында әуе соққысы салдарынан жергілікті өзін-өзі қорғау отрядының 16 адамы қаза болды
Оқыс оқиға өткен жексенбіде Бахарак уезі аумағында орын алды.
Провинция губернаторының баспасөз хатшысы Джавада Хиджри мәлімдегендей, ауған әскерлері Тахар провинциясында Талукан қаласына жасалатын шабуылдың алдын алды.
- Содырлар жиналған аймаққа әуеден соққы жасалып, 36 террордың көзі жойылды, - деп атап өтті баспасөз хатшысы.