Алакөлде қыста да демалуға болады
Қазіргі уақытта биліктегілер демалыс аймағына радон суын жыл бойы беріп тұру мүмкіндігін қарастыруда
Ол үшін арнайы жұмысшы топ құрылған.
- Біздің мамандар бір ай бұрын Аустрияда болды. Ол жақта осындай жүйе қалай қалыптасқанын көріп қайтты, - дейді облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Арат Қабақов. - Аустрияда да демалыс аймақтарының бірінен 10 шақырым қашықтықта родонды бұлақ ағып жатыр. Құбырлар арқылы су демалыс орнына жеткізіліп отыр.
Енді Алакөл жағалауына дейін осындай құбыр тарту жоспарлануда. Сол кезде көлге жылдың кез келген мерзімінде барып демалуға болады.