Трамп сайлауалды кампаниясын бастап кетті
Қазіргі АҚШ Президенті Дональд Трамп келе жатқан президенттік сайлауға қатысқысы келетінін ресми түрде мәлімдеді
Ол сайлауалды кампаниясын ресми түрде бастап, демократтарды мемлекетті құртып жіберуі мүмкін деп айыптады.
- Осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы уақытта мен президенттік сайлауға қатысқым келетіндігін жария еткен болатынмын. Бүгін де дәл осы уақытта президеттік тақ үшін таласуға дайын екендігімді мәлімдеймін, - деді Трамп.
Азаматтар арасында сөз сөйлеген Трамп 15 минуттық баяндамасының бәрінде демократтарды айыптаумен болды. Әсіресе, Мюллердің Ресейдің 2016 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауына қатысы бар не жоғын зерттеген есебін қабыл алмай отырғандарын бетіне басты.
- Мюллердің есебі бойынша біз жеңдік, оны бірақ демократтар мойындамай отыр. Жақсы, кеттік онда, қайта жарысып көрейік, - деді ол.
АҚШ-тың президенттік сайлауы 2020 жылы өтпек.