Huawei компаниясы америкалық серіктестерін Қытайдан қуып жіберді
АҚШ үкіметі Huawei компаниясын қара тізімге енгізіп, өнімдерін сатуға тыйым салғаннан кейін қытай компаниясы америкалық серіктестерінен де бас тартты
Аталмыш компанияның бас стратегиялық жасақтаушысы Дан Вэнь Шуаньның айтуынша, Қытайда жүріп, компания өнімдерін жасауға қатысқан АҚШ азаматтарының барлығы елге қайтарылған.
Одан бөлек, қазіргі таңда Huawei компаниясы шетелдегі басқа да бір өкілдігі мен филиалдарында АҚШ азаматтарының бар не жоғын анықтап жатыр. Ал елден қуылған АҚШ азаматтарымен қарым-қатынас ұстауға мүлдем тыйым салынып отыр.
Ал бұған дейін Google компаниясы Huawei-мен серіктестік орнатудан бас тартқан еді.