АҚШ Түркияға қарсы санкция жарияламақ
Ресейден С-400 зенит зымырандарын сатып алмақ болған Түркияға АҚШ тағы да шүйлікті
Түркияның қорғаныс істері жөніндегі министрі Хулусаның С-400 қондырғысын орната бастағаны жөніндегі мәлімдемесінен кейін, АҚШ-тың мемлекеттік департамент өкілі Морган Ортагус санкция салу жайлы сөз қозғай бастады.
Ортагус егер Түркия аталмыш қаруларды Ресейден сатып алатын болса, санкцияның астында қалатынын айтып отыр.
Атап айтқанда, АҚШ Түркияға сатпақ болған F-35 ұшағын беруден бас тартуы мүмкін. Ал Түркия АҚШ елімен F-35 ұшағын жасау бойынша халықаралық серіктестікте екенін алға тартып, С-400 қаруы америкалық ұшақтарға еш қауіп төндірмейтінін айтып отыр.