20 мамырға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка LIVE жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына іліккен саясат, экономика және өзге де салалардағы ең маңызды жаңалықтар легін ұсынады
Трамп Иранды АҚШ-қа сес көрсетпеуге шақырады
АҚШ Президенті Дональд Трамп егер Иран АҚШ-пен күрескісі келіп, оған сес көрсететін болса, соңы жақсы болмайтытын ескертіп. Бұл ойынан бас тартуды ұсынды, деп жазажы Новости РАА сайты.
- Егер Иран соғысуға бел буса, ресми түрде жойылады. АҚШ-қа доңайбат көрсетпе, - деп жазды Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ Ирандағы жағдайдың шиеленісуне байланысты Парсы шығанағы маңына жеті әскери кеме жеткізген. АҚШ президенті соғысты болдырмауға үміттенетіндігін жеткізген. Ал Иранның көшбасшысы Али Хаменеи Иран АҚШ-пен соғысуға ниетті емес екенін мәлімдеді.
Францияда суық қару ұстаған адам ұсталды
Парижде полиция қызметкерлері жеңінде пышағы бар ер адамды тұтқындады, деп жазады РОСБАЛТ.
"Жасыл жейделілер" сенбілік акциясы басталарға дейін Сен-Лазар вокзалы маңынан тәртіп сақшылардың назарына күдікті азамат іліккен. Көзіне қара көзілдірік, қара маска тағып, қара күліпара киген. Ал арқасына әскери рюкзак таққан. Ол тәртіп сақшыларынан қашып кету үшін жылдам жүрген. Бірақ соңында қолға түсті.
27 жастағы Ж. Томды тінту кезінде жеңінен жүзі 30 см пышақ шығаруға болатын құрылғы анықталған.
Parisien газетінің ақпараттарына сүйенсек, ол өзінің косплеер болып табылатындығын айтқан. Ал қаруды "Assassin"s Creed" компьютерлік ойынына еліктеп жасап алған.
Дегенмен, Францияда суық қаруды заңсыз ұстап жүруге тыйым салынған және ол үшін бір жылға бас бостандығынан айыру немесе 15 мың еуро көлемінде айыппұл қарастырылған. Күдікті азамат жағдайдың анық-қанығы белгілі болғанша тұтқындалды.
Үйсіздер Шарль-де-Голль әуежайында қарсылық акциясын ұйымдастырды
Заңсыз келген иммигранттар билікке өздерінің елден жер аудару бойынша қарсылықтарын білдірмек болған, деп жазады life.ru.
Жүздеген үйсіз заңбұзушылардың қарсылық акциясы салдарынан әуежайдың екінші терминалының жұмысы бұзылды.
Из-за акции протеста нескольких сотен бездомных нарушена работа второго терминала парижского аэропорта Шарль-де-Голль.
Ереуілшілердің талаптарының бірі - Air France бас директорларының бірімен және премьер-министр Эдуар Филиппен сөйлесу.
Google Huawei-мен келісімшартты бұзды
Қытай коммуникациялық қызметін қара тізімге енгізгеннен кейін Google Huawei-мен келісімшартты бұзды, деп жазады МИР24 сайты.
Аспан асты елінде шығарылатын смартфондар енді шет елде американдық корпорацияның қызметінсіз сатылады. Оның ішінде, Play Market қосымшасы, Chrome браузері, Gmail, YouTube және картасыз.
Қытай компаняисы сонымен қатар Android жүйесін жаңарту операцияларынан да қағылады. Бірақ компания гаджеттері үшін ашық шығыс коды бар лицензиялы нұсқасы жасалады.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ мемлекеттік ұлттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау үшін Huawei мен оған қатысы бар заңды тұлғаларды қара тізімге енгізген.