Венесуэлаға АҚШ басып кіруі мүмкін
Венесуэла президенті Николас Мадуро елге АҚШ басып кіруге әрекет жасаса, отанды қорғауға әзір болу керектігін айтты
Кохедес штатында сөйлеген сөзінде Мадуро қарулы күштерін әскери шабуылға дайындалуға шақырды.
- Солтүстікамерика империясы осынау қасиетті жерге қылышын сүйретіп келетін болса, біз де елімізді қарумен қорғауымыз керек, - деді Мадуро.
Венесуэладағы жағдай қаңтар айынан бастап шиелінісе бастады. Оппозициялық топтың өкілі Хуан Гуайдо елдің уақытша президентімін деп сайлап, АҚШ пен басқа де еуропалық елдердің қолдауына сүйенетіндігін мәлімдеген. Ал сәуір айынан бастап мемлекеттік төңкеріс жасамақ болып, іске кіріседі.
Алайда заңды үкіметті қолдаған әскери күш бұған мүмкіндік бермеді.