Алматыда қамауға алынған активист аштық жариялады
Дәрігерлер Алматы марафоны кезінде плакатпен шығып 15 тәулікке қамауға алынған Әсия Тулесованың жағдайын қанағаттанарлық бағалады
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының хабарлауынша, ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАМ) тобы сенбі күні кешке А. Тулесова ұсталатын арнайы қабылдау орнында болып, онымен әңгімелесті.
- Әсия дәрігердер қарауында, дәрігер - күн сайын, фельдшер - әр үш сағат сайын тексереді. Гүлжахан Абдулаева, НПМ тобының мүшесі, дәрігер Әсияның барлық медициналық құжаттарды қарап шығып, оның қанағаттанарлық жағдайын растайды, - делінген аппараттың хабарламасында.
Сондай-ақ, хабарламада 29 мамыр күні А. Тулесова аштықты үзген, өйткені ол өзін нашар сезінген, сол күні ол "витаминдер мен бал қосылған шай ішкен".
21 сәуір күні "Алматы марафоны" барысында әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында екі жас адам - Бейбарыс Толымбеков пен А. Тулесова "шындықтан қашып кетпей", "#УМЕНЯЕСТЬВЫБОР, #ADILSAILAYUSHIN"деген жазцмен плакаттармен шыққан. Екеуі де митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. 24 сәуір күні А. Тулесова арнайы қабылдау орнында болып, аштық жариялады.