Қытай көшбасшысы қоршаған ортаны қорғау жайын ойлануға шақырды
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ЭКСПО-2019 бақша-саябақ өнерінің халықаралық көрмесінің ашылу салтанатында экологияны қорғауға шақырды
Бейжіңдегі көрменің ашылуына Чехия, Джибути, Қырғызстан, Непал, Тәжікстан, Камбоджи, Мьянма, Пәкістан, Сингапур көшбасшылары мен өзге ел өкілдері болды, деп жазады Новости РАА сайты.
- Адамзаттың даму тарихына үңілетін болсақ, экологиялық ортаның жақсаруы қашанда мәдениет пен өркениеттің көреюімен байланысты, ал экологияның нашарлауы өркениеттің сөнуімен түсіндірілді. Өркениеттің "жұмыртқа алу үшін тауықты өлтіру және балық ұстау үшін тоған суын құрғату" принципінің қазіргі уақытта маңызы жойылды. Керісінше, "жасылдану", табиғатқа бейімделу, экологияны қорғау – болашақтың негізіне айналды, - деді СИ Цзиньпин.
Көрме 162 күн – 7 қазанға дейін жалғасады. Билет құны 120 юаньнан (18 доллар) 500 юаньға дейін (74 доллар).