Швейцария Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек беруге әзір
Швейцарияның ұсынып отырған гуманитарлық көмек қаржысы басқа мемлекеттер ұсынып отырған қаражаттан көп
БҰҰ-ның хабарлауынша, Швейцария 2,8 млн доллар қаржы беруге дайын. Бұл сома – халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің Солтүстік Кореяға бергелі отырған қаржысының жартысына тең сома. Оның ішінде 5,7 млн доллар қаражат азық-түлік өнімдеріне жұмсалса, 13,8%-ы ауыз су тазартуға жұмсалмақ.
Ал Швейцариядан кейін ең көп қаражатты Швеция бергелі отыр. Оның ұсынған қаржысы барлық гуманитарлық көмектің 42 пайызын құрайды.