Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақмола тұрғыны әйелін тұтқынға алып, балаларын қайтаруды өтінді

Ақмола облысындағы ауыл тұрғыны аудандық білім бөлімінің ғимаратына кіріп алып, бұрынғы әйелін тұтқынға алған

Ақмола облысы Қорғалжын ауылында ер адам өзінің бұрынғы әйелін кепілге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Оқыс оқиға 22 сәуірде болған. Қорғалжын полиция бөлімшесіне таңғы 9:35-те аудандық білім бөлімінде қолында суық қаруы бар ер адамның бұрынғы әйелін кепілге алғандығы туралы хабар келіп түскен. Жәнтіке ауылының 33 жастағы тұрғыны білім бөлімі директорының кабинетінде бұрынғы әйелін кепілге алады. Ол балаларын қайтаруды, одан соң ғимараттан аман-есен шығу үшін көлік талап еткен.

 Полицейлер шалт қимылдап, 1 сағат ішінде 31 жастағы әйелді босатады.  

Алдымен полиция ғимаратты қоршауға алған. Содан кейін кепілге алушыны танитын Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері онымен тікелей байланысқа шығады.

- Күдікті қолға түсіп, қолындағы мылтығы мен пышақ тәркіленді. Тегіс ұңғымалы мылтыққа күдіктінің рұқсат қағазы бар. Кепілге алынған әйел босатылды. Оны дәрігерлер қарап, денесінен ешқандай жарақаттың іздерін тіркемеді, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Следующая →