Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

17 сәуірге арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка LIVE жаңалықтар порталы саясат, экономика салаларындағы ең маңызды оқиғаларға шолу жасайды

Мамандар Нотр-Дам шіркеуіндегі өрттің себебін атады

Криминалистердің болжамы бойынша, өрт ошағы шпильдің түбінде орналасқан. Олар өрттің себебі "электр желілерінен" болған, деп хабарлайды net тілшісі.

Бұл ретте, өрттің пайда болуына қандай себеп болуы мүмкін екені нақтыланбады. 

Естеріңізге сала кетсек, 15 сәуір күні Париж Богоматери шіркеуінде 12 сағаттан астам уақытқа созылған күшті өрт болды. Ғимаратқа айтарлықтай залал келтірілген: оның шпильі, шатыры, мұнай мен сағаттардағы колонналар құлап түскен.

АҚШ-та ер адам сауда орталығында оқ атқан

АҚШ-тың Севьервилл қаласындағы (Теннеси, АҚШ) сауда орталығында әйел адамды өлтіріп, егде жастағы  ер адамды жарақаттады, деп хабарлайды life.ru.

 Полиция оқиға орнына бірнеше минуттан кейін келді. Алайда, құқық қорғау қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынның денесін тапты. Онда жартылай автоматты тапанша болды.

Шабуыл нәтижесінде 24 жастағы қыз қаза тауып, 75 жастағы ер адам зардап шекті. Ер адам  ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы туралы әзірге нақты мәліметтер жоқ. Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, шабуылшы мен оның құрбандары таныс емес.

Венесуэла түрмелерінің бірінен 60-қа жуық адам қашып кетті


Нуэва-Эспарта  штатында түрмеден жаппай қашу орын алды, деп жазады РОСБАЛТ.

 Олар екі күзетшіге суық қару қолданған. Жараланған екі күзетші қазіргі уақытта ауруханада жатыр.

Жаңа Зеландияда жер сілкінісі болды

Тынық мұхитында Жаңа Зеландияға жақын жерде магнитудасы 5,6 балл жер асты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды "МИР24"сайты.

Сейсмикалық жағдай 16 сәуір күні мәскеу уақыты бойынша 19:01-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпиорталығы Жаңа Зеландиядағы Торанга қаласынан 700 шақырым жерде орналасқан. Эпиорталықтағы дүмпулердің қуаты бойынша жер сілкінісі "өте күшті"деп аталады.

Следующая →