Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

15 сәуірге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар легі

Устинка LIVE жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына іліккен саясат, экономика, тағы басқа салалар бойынша ең маңызды оқиғаларға шолу жасады

Ақ үйдегілер Трамптың Wikileaks-ке деген махаббаты жайлы сөздерін жоққа шығарды


АҚШ Президенті Дональд Трамп 2016 жылғы сайлау кампаниясы кезінде Wikileaks ресурсына деген махаббаты жайлы көп алдында айтқан болатын, деп жазады Новости РАА сайты.

Алайда енді Ақ үйдегілер бұл тек әзіл болғанын алға тартады.

- Президенттің қалжыңдағаны анық, - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.

Оның айтуынша, Ақ үй Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанждың тұтқындалуына байсалдылықпен қарайды.

- Тек біз ғана бұл жағдайға байсалды қарап, Ассанжды қайтару бойынша әрекет етудеміз, - деп қосты баспасөз хатшысы.


Ресей Ким Чен Ынды күтуде


КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын келесі аптада Ресейге келіп, РФ президенті Владимир Путинмен кездесуі мүмкін, деп жазды РОСБАЛТ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Болжам бойынша, РФ мен КХДР саммиті Қиыр Шығыста өтуі мүмкін. Онда Путин "ішкі шараларға" қатысу үшін 24 сәуір күні барады.

Сәуір айының басында РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков екі ел басшысының кездесетін уақыты мен орны әзірге белгісіз екенін мәлімдеген болатын.


Анджелина Джоли мен Брэд Питт ресми түрде ажырасты


Анджелина Джоли мен Брэд Питт ресми түрде ажырасты, деп хабарлайды Lenta.ru сайты.

Енді Питт пен Джоли мүлікті бөлісу және алты балаға қамқорлық жасау бойынша келіссөз жүргізулері керек.

Әртістер келісім бекітілгенге дейін ажырасу үрдісін толық аяқтауға ниетті. Өйткені екеуі бір-бірінен демалып, жаңа қарым-қатынастарға дайындалғылары келеді екен. Айта кетейік, әзірге екеуі екінші жартыларын таба қоймаған.

Питт пен Джоли 2014 жылдың тамызында отау құрса, 2016 жылдың қыркүйегінде Анджелина ажырасуға арыз жазған. Ажырасуға Питтің бала тәрбиесіндегі әдістеріне келіспеуі себеп екенін түсіндіріп, балаларды өзі жалғыз тәрбиелеуге қолқа салған.


Әлемдегі ең биік ғимаратқа жай түсті


Дубайдың мұрагер ханзадасы шейх Хамдан бен Мохаммед бин Рашид аль Мактум өзінің Twitter-дегі парақшасына Дубайдағы Бурдж-Халиффа ғимаратының төбесіне жай түскені бейнеленген видео жариялады.

Айта кетейік, Бурдж-Халиффа әлемдегі ең биік ғимарат саналады. Биіктігі 828 метр.




Следующая →