Колумбия президентіне қастандық жасалды
Алайда қастандық жасамақ болған қарулы топ анықталып отыр
Бұл жайында Колумбияның бас прокуроры Нестор Умберто Мартинес хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, президентке Колумбияның байырғы халқымен кездесуге барған кезде қастандық жасалмақ болған.
- Бұл сенімді ақпарат. Қарулы топтар байырғы халықты біріктіруге құрылған қозғалыстар мен ұйымдардың құрамына ене отырып, лаңкестік акт жасамақ болған, - дейді бас прокурор.
Қазіргі уақытта бұл топтар ұсталды ма әлде жоқ па, ол жағы белгісіз.
Тақырыптар:
Покушение на президента Колумбии Генеральный прокурор Колумбии Президент Колумбии Иван Дуке