Швеция билігі ресей елшісін елден шығарып жіберуді талап етіп отыр
Стокгольмдегі ресей елшілерінің бірі тыңшы болып шығуы мүмкін
Құпия мәліметтерді жинауы мүмкін деп күмәнданып отырған елшіні швед билігі елден өз еркімен кетсін деп отыр.
Дипломат бұған дейін Ресейдің тыңшысы болған швед инженер кеңесшісімен кездескен көрінеді. Содан бастап швед билігі оған жансыз болуы мүмкін деген айып таға бастады.
Швеция Сыртқы істер министрлігі елшінің елден кететін уақыты өтіп кеткендігін, сондықтан талап қойып отырғандығын айтады.